Текст
04.03.2026
03.03.2026 ж. №7 ОМ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, қаңтар айы – «Жасампаздық және инновация» бағыты бойынша облыстық медиажоспарға сәйкес «Әжемнің сандығының құпиялары» атты шеберлік сабағы өтті. Іс-шара барысында мектептің «Әжелер» клубы мүшелері өздерінің қолөнер туындыларын таныстырып, кесте тігу, ою-өрнек салу, жүн түту сынды ұлттық өнер түрлерінің қыр-сырымен бөлісті. Әрбір бұйым – мейірім мен еңбектің, сабыр мен шеберліктің жемісі екені ерекше аталып өтті. Шеберлік сабағы жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды қастерлеуді, ата-баба мұрасын құрметтеуді және шығармашылыққа ұмтылуды насихаттаған тағылымды кездесу болды.
https://www.instagram.com/reel/DVbNheAjXsr/?igsh=MXI5Mmhnc3czdnUxdA==
18.02.2026
10.02.2026 жылы №7 жалпы орта білім беретін мектебі базасында, Ақмола облысы білім басқармасы және Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі қолдауымен «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Рухани қазына – Адал азаматтың бейнесі» тақырыбында халық шығармашылығы байқауы өтті. Қосымша тақырып: «Мен – Тәуелсіз елдің ұрпағымын!». Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар патриоттық әндер орындап, ұлттық билер билеп, «Адал азамат» тақырыбында тақпақтар оқыды. «Хас сұлу» ансамблінің бишілері, мектеп хоры және жеке орындаушылар өнер көрсетті. Кештің мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік, адалдық, жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге рухани әсер сыйлады. @aqmola.oblysy.adal_azamat @aqmoedu @bilim_bolimi_kokshetau #біртұтастәрбиебағдарламасы #Адалазамат
https://www.instagram.com/reel/DU5gfryDbyq/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
12.02.2026
✨ Жұмысшы мамандықтар жылы — болашаққа қадам! ✨
11.02.2026 ж.
✨ Жұмысшы мамандықтар жылы — болашаққа қадам! ✨
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында №7 жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жұмысы шеңберінде Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжіне танымдық әрі қызықты экскурсияға барды.
Экскурсия...
29.01.2026
29.01.2026 жылы №7 жалпы орта мектебінің акт залында жасөспірімдер арасында «Энергетикалық сусындар мен тәтті газдалған сусындардың қауіптілігі» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті медицина қызметкері Бекпаева Ж.А. өткізді.
https://www.instagram.com/reel/DUFztAADWdd/?igsh=YnRxaW4wNTltMTRi
21.01.2026
Тарих және құқық негіздері онкүндігін өткізу аясында 2026 жылғы 20 қаңтарда «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Станционный кентінің белгілі тұрғыны, Ауған соғысының ардагері, интернационалист жауынгер Әбілқасымов Нұрбек Қоныспаевичпен «Тұлғамен сұхбат» атты тарихи подкаст өткізілді. Аталған іс-шараға 8–11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Нұрбек Қоныспаевичтің балалық шағы, қай мектепте оқығаны, қандай жоғары оқу орнын бітіргені, бала кездегі армандары, Ауғанстанда қай жылдары әскери қызмет атқарғаны, сондай-ақ армиядағы қызмет барысында жауынгерлік бауырластықтың қалай көрініс тапқаны туралы қызығушылықпен сұрақтар қойды. Іс-шараны ұйымдастырған тарих пәні мұғалімдері:Кабзульдинова Л.Е., Шәкім Л.Б.,Кожанов М.К.
https://www.instagram.com/reel/DTxf1QVjL2D/?igsh=eTI2czh4NnRuZ2Fy
19.01.2026
"№7 ЖОББМ" КММ 6 "А" сынып оқушыларымен "Адал азамат " біртұтас тәрбие аясында "Күй күмбірі" жобасы бойынша қазақтың әйгілі халық ақыны, жырау, сал-серілік дәстүрдің соңы, әнші және композитор Кенен Әзірбаевтың балалық шағы туралы фильм тамашалап, шығармаларымен танысыпшығармаларының шығу тарихы туралы мәліметттер алды. Мақсаты: ұлттық мәдени мұраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу, ұлттық аспапты насихаттап, ұлттық өнерге деген қызығушылықты арттыру. Сынып жетекшісі: Жаканова С.К. @aqmola.oblysy.adal_azamat @aqmoedu @bilim_bolimi_kokshetau #біртұтастәрбиебағдарламасы #Адалазамат
https://www.instagram.com/reel/DTruJRJjRqj/?igsh=Z2E4eTl4dHBxbW1y
30.12.2025
Ата-аналар сіздер үшін!
20.11.2025
20.11.2025 ж.
20.11.2025 ж. 👮 ️ Көкшетау қаласының "Достар" МҮ-де кәсіби бағдар беру кездесуі Бүгін біздің мектептің 11-сынып оқушылары полиция департаментінің "Достар"мәдениет үйінде ұйымдастырған кәсіптік бағдар беру іс-шарасына қатысты.
🔹ҰБТ балаларға полиция мамандығы,...
20.11.2025
19.11.2025 жылы 1 "А" сыныптағы кәсіптік бағдар беру жұмысы
19.11.2025 жылы 1 "А" сыныптағы кәсіптік бағдар беру жұмысы
📌 Тақырып: менің мақсаттарым мен армандарым Бүгін біздің кішкентай бірінші сынып оқушылары өз армандарымен қызығушылықпен бөлісті және болашақта кім болғысы келетінін айтты: дәрігерлер, мұғалімдер, полиция...
18.11.2025
18.11.2025 ж. №7 мектеп қабырғасында 11 сынып оқушылары арасында "Ақмола облысы бойынша ҚАЖК №6 мекемесі" РММ Ш. Қабылбаев атындағы ІІМ Полиция Академиясына түсу үшін кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Аға лейтенант В. Д. Мотовилова Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі аға инспекторы. Кіші лейтенант А. Ж. Утекулова Ақмола облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің инспекторы Педагог-кәсіби бағдар беруші : Кожанов М. К. #жұмысшымамандықтаржылы2025 #годрабочихпрофессий2025 @aqmola.oblysy.adal_azamat @aqmoedu @bilim_bolimi_kokshetau #біртұтастәрбиебағдарламасы #Адалазамат