«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 7  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области».

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп

 

1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер

«Ақмола облысы білім басқармасы Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Заңды мекен-жайы: Станционный кенті, Юбилейный көшесі 19/1

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

№7 жалпы білім беретін мектепте 10 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2025 жылы №7 жалпы білім беретін мектепте 293 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 Оның ішінде:

  • электрондық үкімет порталы арқылы – 80 мемлекеттік қызмет;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 0 мемлекеттік қызмет;
  • қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы – 213 мемлекеттік қызмет;
  • қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта – 0 мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар 4 өтініш бойынша берілді, оның ішінде: 4 – электрондық форматта және 0 – қағаз форматында.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

  • «Балаларды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары

арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

  • «Жалпы білім беретін мектептерде оқитын және тәрбиеленетін жекелеген

санаттағы білім алушыларды тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету»;

- «Мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жолдау үшін кезекке қою»;

- «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау (оқуға қабылдау)».

2. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер

Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат №7 жалпы орта білім  беретін мектептің ресми интернет-ресурсында

http://kokshetau-school7.edu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.

 Ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

   2025 жылы №7 жалпы білім беретін мектеп ресми интернет-беттерінде 7 жарияланымды қоса алғанда, 2 түсіндіру іс-шарасын өткізді. Ай сайын халықты БАҚ және көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Ақмола облысы білім басқармасы Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы  жұмыс істейді.
  2. 2022 жылдан бастап білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
  3. Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді 6  қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.
    2025 жылы 6 қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу нысанында жүзеге асырылады.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

       2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының №7 жалпы білім беретін мектебі" КММ бойынша ескертулер жоқ.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст