«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 7  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области».

✨ Жұмысшы мамандықтар жылы — болашаққа қадам! ✨

12.02.2026

11.02.2026 ж.

✨ Жұмысшы мамандықтар жылы — болашаққа қадам! ✨

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында №7 жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жұмысы шеңберінде Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжіне танымдық әрі қызықты экскурсияға барды.

Экскурсия барысында оқушылар колледждегі заманауи мамандықтармен танысып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қорғауға бағытталған жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы мен сұранысқа ие екені туралы білді. Колледж мамандары оқуға түсу шарттары, оқу ерекшеліктері, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және кәсіби өсу перспективалары туралы толық ақпарат берді.

🚒 Оқушыларға болашақ мамандар тәжірибелік дағдыларды меңгеретін оқу кабинеттері мен арнайы жабдықтар ерекше қызығушылық тудырды. Олар кәсіби мамандардың жұмысымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маңызды әрі жауапты мамандықтың бір бөлігі ретінде сезіне алды.

Осындай кездесулер оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға бағыт-бағдар беріп, олардың ой-өрісін кеңейтіп, жұмысшы мамандық иелерінің еңбегіне деген құрметті қалыптастырады.

👏 Экскурсия қызықты әрі танымды өтіп, оқушыларды жаңа мақсаттар мен жетістіктерге шабыттандырды!

Кәсіби бағдар беруші педагог: Қожанов М.Қ.

Просмотров: 86


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст