
Құрметті ата-аналар!
2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа құжат қабылдау 2026 жылғы 10 маусымнан басталады.
Өтінішті тек OQU платформасы арқылы электронды түрде беруге болады.
Өтініш жіберілгеннен кейін ол бір жұмыс күні ішінде қаралады. Қарау нәтижесі туралы хабарлама жеке кабинетіңізге жіберіледі.
- 1-сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:
* ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші;
* баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
* медициналық құжаттар:
– Баланың денсаулық паспорты (№052-2/у нысаны);
– Егу картасы (№065/у нысаны);
* ПМПК қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін, болған жағдайда);
* 3×4 см көлеміндегі 2 фотосурет.
- Өтінішті қалай беруге болады?
- 1-қадам. Жүйеге кіру
Жеке кабинетке ЭЦҚ немесе eGov Mobile қосымшасындағы QR-код арқылы кіріңіз.
- 2-қадам. Өтінішті толтыру
«Қызметке онлайн тапсырыс беру» бөлімін таңдап, мектепті көрсетіңіз, электрондық өтінішті толтырыңыз және қажетті құжаттарды тіркеңіз.
- 3-қадам. Өтінішті растау
Өтінішке ЭЦҚ немесе eGov Mobile QR-коды арқылы қол қойып, жіберіңіз.
-Өтінішті қарау мерзімі:
1 жұмыс күні.
-Өтінішті кім бере алады?
Ата-аналар немесе баланың заңды өкілдері.
- Құжат қабылдау мерзімі:
- Қабылдау басталады:
2026 жылғы 10 маусым, сағат 09:00
-Қабылдау аяқталады:
2026 жылғы 31 тамыз, сағат 18:00
Құрметті ата-аналар!
Қажетті құжаттарды алдын ала дайындап, өтінішті қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін уақытылы тапсыруларыңызды сұраймыз.
Ұйымдар тізімі