«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 7  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области».

«ТОЛАҒАЙ» мектеп жанындағы лагерінің 4 маусымға арналған бағдарламасы.

https://www.instagram.com/reel/DZJvY2gNGCh/?igsh=MW16NGd4OHN6dTduMA==

04.06 Күнді сергектікпен бастадық! ☀️ Мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілері таңғы жаттығу жасап, көтеріңкі көңіл күй мен жақсы энергия алды.

https://www.instagram.com/reel/DZKRCuXANHK/?igsh=MXB3eWJ2ankwNTI3dQ==

Бүгін біздің мектеп жанындағы лагерьде «Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің ізімен» атты танымдық саяхат-ойын өтті.

Балалар қызықты саяхатқа шығып, еліміздің Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мол мағлұмат алды. Олар өз білімдерін сынап, түрлі тапсырмаларды орындады, сұрақтарға жауап берді және топпен жұмыс істеді.

Ойын қызықты, белсенді әрі танымдық деңгейде өтті. Балалар өздерінің білімділігін, ұйымшылдығын және Отанымыздың тарихы мен мемлекеттік рәміздеріне деген шынайы қызығушылығын көрсетті.

Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді, мемлекеттік құндылықтарға деген құрметті және Қазақстанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді.

https://www.instagram.com/reel/DZKc_XBAKBw/?igsh=emRuc2Zka3praDQ2

«Толағай» мектеп жанындағы лагерінде балалар лагерлерінде жиі өткізілетін тренингтер мен ойындар таза ауада ұйымдастырылды. Іс-шаралар балалардың белсенділігін арттырып, көңілді әрі қызықты өтті.
Тренингтер мен ойындардың атаулары: «Электродтар», «Үйрек-қаз», «Шатасу», «Теңіз толқиды бір».

 

 

 

 


СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст