8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Көкшетау қаласы білім бөлімінің басшысы Кошанова Айгерім Болатовна педагогика саласының ардагері Оспанова Алтынай Еслямбековнаға «Еңбек ардагері» медалін табыстады. Алтынай Еслямбековна Көкшетау қаласындағы №7 орта мектепті 18 жыл бойы басқарды. Білім беру жүйесінің дамуына және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін ол «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» құрметті атағымен марапатталған. Алтынай Еслямбековнаны мерейтойымен және келе жатқан 8 Наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілейміз.
Просмотров: 201
