2026 жылы 11 қыркүйек күні мектебімізде мектепшілік ата-аналар жиналысы жоғары деңгейде өтті!
2026 жылы 11 қыркүйек күні мектебімізде мектепшілік ата-аналар жиналысы жоғары деңгейде өтті!
https://www.instagram.com/reel/DdKKKovM3R4
2026 жылы 11 қыркүйек күні мектебімізде мектепшілік ата-аналар жиналысы жоғары деңгейде өтті!
Жиын барысында мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланыс пен маңызды мәселелер талқыланды:
1. 2026-2027 оқу жылы: Негізгі мақсаттар, басым міндеттер және мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы сөз болды (Мектеп директоры З. Х. Молдекенова).
2. Құқық бұзушылықтың алдын алу: Кәмелетке толмағандар арасындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері айтылды (Ювеналды полиция инспекторы Ж. Қ. Омарова)
3. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары С. Бабылова 2026-2027 оқу жылында мектеп пен отбасының өзара іс-қимылының негізгі өзгерістері мен бағыттарын түсіндірді. Сондай-ақ, «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін алу тәртібі, оның ішінде білім туралы құжаттың телнұсқасын алуға өтініш берудің негізгі шарттары мен тәртібі түсіндірілді.
4. Тәрбие-ортақ міндет: «Бала тәрбиесі-ортақ міндет» атты маңызды тақырып қозғалды (Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Ж. Абилькасимова)
5. Әлеуметтік көмек және жүйе: Білім алушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету және «Алақан» жүйесіне тіркеу тәртібі түсіндірілді (Әлеуметтік педагог И. С. Алиева)

"Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес құжатты жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушының білім беру ұйымы басшысының атына жазылған құжаттың жоғалу жағдайы немесе басқа да себептері көрсетілген өтініші;
2) кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) жеке куәлігімен (паспортымен) бірге туу туралы куәлігінің (2008 жылы туылған жағдайда) көшірмесі немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
Қазақстан Республикасы аумағында 2008 жылдан кейін шығарылған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар, туу туралы куәліктер туралы мәліметті көрсетілген қызметті берушінің қызметкері және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттың жоғалу жағдайы немесе баска да себептері көрсетілген өтініші;
2) кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) жеке куәлігімен (паспортымен) бірге туу туралы куәлігінің (2008 жылы туылған жағдайда) көшірмесі немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).