«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 7  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области».

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелер
  1. Көрсетілетін қызметті берушілер : «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №7 жылпы орта білім беретін мектебі» КММ. Станционный кенті Юбилейный көшесі 19/1

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

№ 7 жалпы орта білім беретін мектебінде 6  мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2023 жылы жалпы 289 қызмет көрсетілді:

*    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін-103 қызмет;

*    электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет -103 қызмет;

*    қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер-185 қызмет;

*    көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) – 0.

*    көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) ) - 1 қызмет.

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

а) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;

б) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;

в) денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау;

 г) жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну;

 д) мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беруге құжаттар қабылдау және жолдамалар беру;

 е) негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.

 д) Құжаттарды қабылдау және балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау.

 

Қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат http://sc0007.kokshetau.aqmoedu.kz/  ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері туралы ақпараттық стенд және «eGov mobile» мобильді стенд  мектеп ғимаратының 1-ші қабатында дәлізде орналастырылған. 

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат

2023 жылы № 7 жалпы білім беретін мектеп әлеуметтік желілерде 8 мақала жариялады. Ай сайынғы негізде көрсетілетін қызметті берушілердің БАҚ, интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібі туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Akmola.kz. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.

Сонымен қатар, 2022 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында ҚР БҒМ БМ АЖО Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жүйесі жұмыс істейді, онда 2 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар

№ 7 жалпы білім беретін мектепте қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 5 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2024 жылы мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өту жоспарланған.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2) 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағым түскен жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері.

Бекітілген бақылау іс-шараларының жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шаралары жүргізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде ескертулер болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуы анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

4. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділікті арттыру .

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2024 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 11:00
Құрылған күні: 29.02.2024 18:00

Текст