03.03.2026 ж. №7 ОМ-де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, қаңтар айы – «Жасампаздық және инновация» бағыты бойынша облыстық медиажоспарға сәйкес «Әжемнің сандығының құпиялары» атты шеберлік сабағы өтті. Іс-шара барысында мектептің «Әжелер» клубы мүшелері өздерінің қолөнер туындыларын таныстырып, кесте тігу, ою-өрнек салу, жүн түту сынды ұлттық өнер түрлерінің қыр-сырымен бөлісті. Әрбір бұйым – мейірім мен еңбектің, сабыр мен шеберліктің жемісі екені ерекше аталып өтті. Шеберлік сабағы жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды қастерлеуді, ата-баба мұрасын құрметтеуді және шығармашылыққа ұмтылуды насихаттаған тағылымды кездесу болды.