«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 7  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области».

17 наурыз 2026 жылы мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың тақырыбы: «Оқушыларға психологиялық және педагогикалық қолдау: жаңа тәсілдер мен мүмкіндіктер»

20.03.2026

https://www.instagram.com/reel/DWGxXI1jQxB/?utm_source=ig_web_copy_link

17 наурыз 2026 жылы мектепте жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс Наурыз мерекесі қарсаңында оқушылардың концерттік бағдарламасымен ашылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Жиналыстың тақырыбы:
«Оқушыларға психологиялық және педагогикалық қолдау: жаңа тәсілдер мен мүмкіндіктер»

🔹 Мектеп директоры Алибекова А.О. және педагог-психолог Кабдеш Самат оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жаңа тәсілдері туралы баяндады.

🔹 Ақмола облысы Дін істері департаментінің өкілі Гредина Татьяна Сергеевна деструктивті жалған діни ағымдардың қаупі мен алдын алу жолдары туралы ақпарат берді.

🔹 Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бабылова С.К. білім беру ұйымдарына қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндірді.

🔹 Сонымен қатар, 3-тоқсан бойынша мектептегі тамақтандырудың қорытындылары қаралып, оқушылардың дұрыс және сапалы тамақтануының маңыздылығы атап өтілді.

📌 Жиналыс барысында ата-аналар өз сұрақтарына жауап алып, өзара пікір алмасты.

 

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

- көрсетілетін қызметті алушының көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне нысанға сәйкес өтініші "бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

- ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 065/у "иммундау паспорты" нысанындағы және № 052-2/у "бала денсаулығы паспорты" нысанындағы медициналық анықтамалар;

- 3х4 см баланың сандық фотосуреті;

 

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) өтініш;
2) ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) "АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда (бұдан әрі - АХАЖ АЖ) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет);
4) АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі;
5) мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды.
Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада ұсынылады, содан кейiн түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе бір рет пайдаланатын құпиясөзбен куәландырылған, көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3) АХАЖ АЖ-де мәліметтер болмаған жағдайда не Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған немесе бұзған жағдайда некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
4) мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін - көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін - алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама);
отбасында тәрбиеленетін жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жататын балалар үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру негізінде алқалы орган айқындайды.

Просмотров: 21

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст