«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 7  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области».

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

10"А" сыныбында Білім күніне арналған "Білімге ұмтылу, сүйіспеншілік және отаншылдық" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты:Оқушының жеке қабілетіне сай рухани, шығармашыл, өз Отанын сүйетін, өз бойындағы құндылықтарын сақтап дамытатын саналы, білімді, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру. Оқушылардың бойына рухани тәрбие беру, олардың ой өрістерін, ойлау қабілетін, сөздік қорларын молайтуға ықпал жасай отырып, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Тақырыбы: Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық

Мақсаты: Оқушының жеке қабілетіне сай рухани, шығармашыл, өз отанын сүйетін, өз бойындағы құндылықтарын сақтап дамытатын саналы, білімді, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Әдісі: Әңгімелесу, топпен жұмыс, талдау

Көрнекілігі: слаид,  фильм, нақыл сөздер

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу.  Білім, еңбек, Отан тақырыптарына арналған нақыл сөздер жазылған қиындыларды алып, сәйкестендіріп, сол бойынша топқа бөлінеді.

1-топ: Білім

2-топ: Еңбексүйгіштік

3-топ: Отаншылдық

Кіріспе.Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді. «Ақыл жастан, асыл тастан» деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағына үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, Отан алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпау үшін,  белгілі бір жетістікке қол жеткіземін десең, білімнің шыңына жету үшін, ерінбей еңбек ету керек деп ойлаймын.

Фильм тамашалау.

Сұрақтар:

1.“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

2. Еңбек адамға не үшінқажетдепойлайсыңдар?

3.Сендердің қазіргінегізгіеңбектеріңқандай?

4. Патриот дегенді қалай түсінесің?

5. Өзіңді патриотпын деп айта аласың ба?

Топпен жұмыс:

1-тапсырма

1-топ:Еңбек және бақыт дегеніміз не?

2-топ:Маған тән қасиеттер...
3-топ:Білім-инемен құдық қазғандай

Мұғалім:

«Ер еңбекте сыналады» деп бекерге айтылмаса керек. Өйткені әрбір тіршілік иесі өзіне тиесілі жұмысты жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен жасаса, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мақтаншақтықтан, ұқыпсыздықтан, жалқаулықтан арылмайынша, жұмысың алға баспайды. Сондықтан өзіңе тапсырған істі мұқият, тындырымды етіп орындауәрқайсымыздың басты міндетіміз. Осындай қасиет арқылы біз терең білім алуға, оған қол жеткізу үшін еңбектенсек, елге пайдамыз тиіа, өз еліміздің патриоты бола аламыз. Еңбек ер атандырады.

2-тапсырма

Топпен жұмыс:

Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?

1. Білім алу.
2. Отанды сүю.
3. Ана тілін сүю, құрметтеу.
4. Ұлт жанды азамат болу.
5. Атамекенді, туған жерді сүю.
6. Денсаулығы мықты азамат болу

7. Еңбек ету.

3-тапсырма Ақын-жыраулардың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап бере отырып, сөзжұмбақты толтырыңыз.

Сөзжұмбақ.

1-топ: Ахмет Байтұрсынұлы

2-топ; Мүхтар Әуезов

3-топ: Қаз дауысты Қазыбек би

 

4-тапсырма Зымыран сұрақтар. 

Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл толуына орай арналған сұрақтар

Мұғалім: ҚР Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды.              

9-бөлім, 98-баптан тұрады.

9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген.

 Туымен - Тұғырлы, Елтаңбасымен - Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!

                                                                                              

Рәміздерім — елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы  ең кіші.

Ән ұран, көгілдір Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.


1. Мемлекеттік Тудың авторы кім?

Шәкен Ниязбеков- ҚР Мемлекеттік Тудың авторы

2.Тудың бейнесін сипатта.

Мемлекеттік Ту – 1992 жылы 4-маусымда қабылданды. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Ту ортасындағы шұғылалы күн халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан қыран құс – ерліктің белгісі.

3. Мемлекеттік елтаңбаның  авторы кімдер?

Жандарбек Мәлібекұлы,  Шота Уалиханов

Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

4. Мемлекеттік әнұранның авторы кімдер?

Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов

Сөзін жазғандар   Нұрсұлтан Назарбаев,  Жұмекен Нәжімеденов

Қорытынды: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.

Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер. Алға жоспарлаған мақсатына қол жеткізген адам ғана өз елінің кез келген туындаған мәселесінің  шешімін таба алады.

Жаңартылған күні: 05.09.2022 09:22
Құрылған күні: 05.09.2022 09:22

Текст