«Көкшетау қаласы №7 ЖОББМ» 02 мамыр күні 11 «А» сынып оқушылары Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіне саяхат жасады. Оқушылар жаңадан салынған Студенттер сарайын аралап, студенттердің тек білім алып қана қоймай, сонымен қатар, спортпен, өнермен шұғылдануларына барлық жағдай жасалғандығына көз жеткізді.