«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 7  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области».

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ   бос орындарға  ашық конкурс жариялайды

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ  

бос орындарға  ашық конкурс жариялайды

 

Станционный кенті                                                                                       15  қараша 2023 ж.

 

-мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі 

 (мектеп жанындағы шағын орталық мемлекеттік тілде)- 0,5 мөлшер

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 135000-нан 177 500 теңгеге дейін.

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі.

      Лауазымдық міндеттері:

  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес музыкалық тәрбиелеу мен эстетикалық дамуды жүзеге асырады. Музыка аспаптарында ойнаудың техникасын шебер меңгерген. Музыка бойынша сабақтарды, балалар мерекелерін және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді, музыкаға әуес дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыстар жүргізеді.
      Балалармен ойын әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізеді. Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады. Балалармен жұмыс істеудің озық тәжірибелерін енгізеді. Балаларды музыка бойынша тәрбиелеу мәселелері жөнінде ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңестер береді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің педагогикасы мен психологиясын, жас ерекшеліктер физиологиясы мен гигиенасын, балалардың жеке даму ерекшеліктерін, әртүрлі жастағы балалардың музыканы қабылдау мүмкіндіктері және моторикасын, жан дүниесін, балалар репертуарының музыкалық шығармаларын білуі, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, музыкалық аспаптарда шебер ойнауды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін, еңбек заңнамаларының негізін, еңбекті қорғаудың, техникалық қауіпсіздіктің, өртке қарсы қорғаныстың нормасы мен ережесін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
   Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі (музыкалық, педагогикалық) білім.
      Санаттар бойынша біліктілікке қойылатын талаптар:
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары кәсіптік (музыкалық, педагогикалық) білім;
  біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары кәсіптік (музыкалық, педагогикалық) білімінің болуы және мектепке дейінгі ұйымның музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
     біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
  біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілетін дамыту диагностикасының элементтерін меңгеруі, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді араласуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік (музыкалық, педагогикалық) білімі болуы, музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.
      Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты маман:
    біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.
   Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе жоғары (музыкалық) білімі, музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
   біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:
  біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
  музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруге тиіс.
  Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта, музыкалық) білім және МДҰ-ның музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
      Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
 біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілетін дамыту диагностикасының элементтерін меңгеруі, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді араласуы тиіс.
  Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
      біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
  біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жылдан кем болмауы тиіс

      Конкурс "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы және "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту  министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығы негізінде өткізіледі

  Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды 118- тармағына сәйкес электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

      Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

     Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

      Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

   Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:

Пошталық мекенжайы: 020002, Көкшетау қаласы, Станционный кенті, Юбилейная көшесі, 19/1. Телефоны: 87162-44-00-01.  Электрондық поштаschool_7gk@mail.ru

Жаңартылған күні: 15.11.2023 12:27
Құрылған күні: 15.11.2023 15:59

Текст