«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 7  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области».

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адал Урпак» еріктілер мектеп клубының жарғысы.

Жарғы

"Адал Ұрпақ "ерікті мектеп клубы»

1. Жалпы ережелер

1. Осы Бағдарлама

рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие контексінде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес әзірленді және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балалар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды қамтитын тәрбие жұмысын жүргізу тәртібін айқындайды.

2.Мақсаты мен міндеттері

тәрбие жұмысының

2. Осы бағдарламаның мақсаты жоғары адамгершілік, жауапты, бастамашылық және әлеуметтік Құзыретті азамат пен патриот қалыптастыру және дамыту үшін мектепте жағдай жасау болып табылады.

3. Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін мынадай міндеттер қойылады::

1) рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;

2) білім алушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін нығайту;

3) білім алушыларда саяси-құқықтық білімді қалыптастыру;

4) білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың адамгершілік-этикалық құндылықтық негіздерін қалыптастыру.

4. Іс-шаралар кешенін өткізу үшін келесі тәрбие түрлері қолданылады:

1) адамгершілік тәрбие моральдық-этикалық ұстанымдарды қалыптастыруға, әрбір оқушының бойында сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға бағытталған;

2) әлеуметтік-құқықтық тәрбие азамат пен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынастардың мәні туралы түсінік алуға, құқықтары мен міндеттері туралы білім алуға бағытталған.

құқықтық нормаларды сақтау қажеттігіне сендіру, ұғыну

сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық қауіп-қатері;

3) эстетикалық тәрбие оқушылардың эстетикалық талғамын және қоршаған шындыққа деген тілектестік және патриоттық қарым-қатынасын тәрбиелеуге ықпал ететін өнер, әдебиет туындыларының сұлулығын түсінуді дамытуға бағытталған.

3. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру

5. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында (бұдан әрі - жалпы білім беретін мектептер) жүзеге асырылады.

6. Тәрбие жұмысын басқару жалпы білім беретін мектеп пен сынып жетекшілігін жүзеге асыратын педагогикалық қызметкерге жүктеледі.

7. Жалпы білім беретін мектептерде мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға, оның ішінде мектеп оқушыларының заң талаптарын сақтауға, білім беру және мәдени деңгейін арттыруға ұмтылысын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіледі.

8. Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қатысатын "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубтары құрылады.

9.Тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық негізі:

1) тиісті оқу жылына арналған жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының кешенді жоспары;

2) сынып жетекшілігін жүзеге асыратын педагог қызметкердің тәрбие жұмысының жоспары;

3) "АдалҰрпақ"ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары.

10.Осы Бағдарламаның 9-тармағында көзделген жоспарлар тәрбие жұмысының Модельдік жоспарына сәйкес қалыптастырылады
мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (қоса беріліп отыр) бекітілсін. 

11. Жоспарда тәрбие жұмысының негізгі бағыттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған күнтізбелік іс-шараларды өткізу, қоғамдық ұйымдармен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл көрсетіледі.

12. Тәрбие жұмысын жүргізуге азаматтар мен қамқоршылық кеңестер, ата-аналар комитеттері, қоғамдық бірлестіктер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар қатыса алады.

4. Адал Ұрпақ " ерікті мектеп клубтары»

13. "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қарым-қатынасты нығайту жөніндегі бастамаларды көтермелеу, топтық сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу болып табылады.

14. "Адал Ұрпақ" ерікті мектеп клубтары келесі сипаттағы секциялардан тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ақпарат және шығармашылық; мәдени-бұқаралық іс-шаралар.

15. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы лекциялар, "дөңгелек үстелдер" және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

16.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ақпарат және шығармашылық Секция үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар бойынша іс-шаралар мен конкурстарды ұйымдастыруға қатысады.

17. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы акцияларды, флэш-мобтарды, диалогтық алаңдарды, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулерді және басқа да әлеуметтік маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.

Жаңартылған күні: 09.10.2019 17:03
Құрылған күні: 09.10.2019 17:03

Текст