«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 7  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области».

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм" сынып сағаты Сынып: 8 "А" сынып жетекшісі: Зулкишева Коркемгуль Оразбаевна

Тәрбие сағаты

«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Күні

01.09.2022ж

Класс жетекші:

Зулкишева К.О.

Класс: 8 A

Қатысушылар саны: 15 оқушы

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

  Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру.

   Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік бере отырып, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Рәсімдеу

Слайд, презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, нақыл сөздер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

 

Сабақтың барысы

 

Сабақтың кезеңі/ уақыт

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

Мұғалім әрекеті

Оқушылармен амандасу.

Әнұран айтылады.

Оқушы әрекеті
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түген

деледі, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Сабақтың басы 

Мағынаны ашу.
«Ойланайық, пікірлесейік».
(Сұрақтар бойынша әңгіме жүргізу)

- Балалар, біз қандай мемлекетте өмір сүреміз? Мемлекеттік тіліміз қандай тіл? Рәміздерімізге не жатады? 
- Адамға білім не үшін қажет?
- Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?
- Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар?
- Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Еңбек адамға не үшін керек? Еңбекқор адам дегеніміз қандай адам?

Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған. Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет, ата-анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген. Ал, сіздер қалай ойлайсыздар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалдың мағынасы қалай, қалай түсіндірер едіңдер? «Бақыттың  кілті еңбекте» дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар мақалдың мағынасын ашады)

Олай болса біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз білім, еңбек және отаншылдық тақырыбына арналмақ.  

 

Оқушылар 3 топқа бөлінеді. «Еңбек» «Білім»  және  «Туған жер». Топтарға тапсырмалар беріледі. «Кім көп біледі?» еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып, оның мағынасын түсіндіреді. Оқушылар мақал-мәтел жазып жатқанда ата-аналар отбасындағы бала еңбегі туралы айтып береді.

Еңбек туралы мақал-мәтелдер:


Еңбегіне қарай — құрмет, 
Жасына қарай — ізет.


Еңбек ер атандырады.

 

Еңбек ерлікке жеткізер, 
Ерлік елдікке жеткізер.

 

Ердің атын еңбек шығарады.

 

Бақыт кілті еңбекте.

 

Еңбек ширатады,

Өмір үйретеді.


Еріншектің ертеңі бітпес,

Жеңілтектің селтеңі бітпес.

 

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей

Сұрақтарға жауап береді.
Білім неге жетелейді:
Болашаққа жетелейді.
Табиғат құпияларын ашуға көмектеседі.
Өзіңді және өзгені тануға көмектеседі.
Өмірді түсінуге көмектеседі.
Мамандық таңдауға көмектеседі.

 

 

 


 

презентация

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы 

  Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.

Постер қорғау
Оқушыларға адамның азаматтық патриоттық ұстанымдарын сипаттайтын қасиеттерін анықтау
1 - топ: Патриот деген ол.....
2 - топ: Патриот емес адамның қасиеті
3 - топ: Маған тән қасиеттер...
 

 

Отаншылдықтың белгілері:

Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
Туған жерге деген ыстық сезім;
Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
Бойындағы күш - қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
Ана тіліне деген құрмет;
Өз халқының әдет - ғұрпын және салт - дәстүрін құрметтеу;
Елдің тарихын құрметтеу;
Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
Заңға бағыну;
Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру
 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді және әр топ постер қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар арасында талқылау жүргізу.

 

 

 

 

 

презентация

Соңы

 

 

 

 

 

«Жүректен жүрекке» Оқушылар тақырыпқа қатысты бір-біріне тілек айтады. Тілек тек бүгінгі тақырыпқа сәйкес болуы керек. Мысалы,

- еңбегің жемісті болсын! 
- еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта. 

-  еңбек сабағынан 5-тік алуыңа тілектеспін!

-  отбасында ата-анаңа көмектесіп қолқанаты бол

- ата-анаңның еңбегін бағалай біл

- еңбектің жемісі маңдай термен келетінін білесің, сондықтан еңбекті құрметте

-  еңбектің пайдасы сол, ол қуантады, қуанышты күндерің көп болсын

-  еңбек шынықтырады, ширатады дейді, шыныққан, шымыр мықты бол!

- Білімді бол, өз еліңнің патриоты бол.

Қорыта келе, қазіргі кезде «Жастар-еліміздің жарқын болашағы» деген қанатты сөздерді жиі айтамыз, ал сол жастардың  болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры болса,  соған дәнекер өзіміздің бүгінгі қызметіміздің қалай атқарылып жатқаны, қоғамға қандай үлес қосып жүргенімізге тікелей байланысты.  Міне, «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»» тақырыбындағы ой түйінді жалпы ел жастарына бағыттаймын!

 Қорытындылау.  Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.

 

 

 

 

Оқушылар тілектерін айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

презентация

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 02.09.2022 12:45
Құрылған күні: 06.09.2022 10:17

Текст