«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 7  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области».

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

11 "А" сыныбында "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" атты тақырыпта сынып сағаты өтті. "Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады" деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйініші боламыз.Алға жоспарлаған мақсатына қол жеткізген адам ғана өз елінің кез келген туындаған мәселесінің шешімін табады. Осыған орай оқушылар топқа бөлініп өз ойларын ортаға салды. Сынып жетекші: Тамаева Х.С

 

Сынып  сағаты

Мектеп: №7                  Сынып жетекші: Тамаева Х.С

11 «А» сыныбы

Тақырыбы

«Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Сабақ мақсаттары

  1. Мақсаты: Өскелең ұрпақтың білімге құштарлығын қалыптастыру және жаңа оқу жылының алдында мереке атмосферасын құру, жаңа оқу жылында жақсы оқуға мотивация беру.

Материалдар

Видеороликтер,  презентация, интернет желісі

Күтілетін нәтижелер:

оқушылар еліміздің ертеңі - білімді, саналы ұрпақтың қолында екенін түсінеді
• барлық оқушылардың пікірін тыңдау, бір - біріне қолдау көрсетуді үйренеді
• оқушыларға еліміздің даму бағытын ұқтыру, болашақ білімде екенін түсінеді

Сабақ барысы

 

Сабақ барысы

  1. мин
  1.  Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл             
  2. Ата заң
  3. Ахмет Байтұрсынұлы
  4. Динмухамед Конаев
  5. Қорытынды

Оқытушының  кіріспе сөздері

3 мин

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру
-«Көршіге - комплимент» сергіту сәті
- Әрбір қатысушы өз есімін атап, жылы лебіз білдіреді
- Келесі ойыншы ол лебізді қайталамауы тиіс
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады,топқа бөлінеді.

1-топ: Білім

2-топ: Еңбексүйгіштік

3-топ: Отаншылдық

Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне –

 30 жыл

3 минут

 Рәміздерім — елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы  ең кіші.

Ән ұран, көгілдір Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

 

Ата заң туралы  туралы бейнеролик  және презентация қарау

5 мин

Ата заңымыз туралы презентация  қарау https://yandex.kz/video/preview/15891715182199389282

Ата заң қашан қабылданды?

Деген сұраққа жауап беру

Презентациядан кейін оқушылармен өз-ара әңгімелесу

Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне – 30 жыл толуына орай

ҚР Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды.              

9-бөлім, 98-баптан тұрады.

Кейбір баптарды атасақ:

29-бап. Қ.Р-ның азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30- бап. Тегін орта білім алуына кепілдік береді.

9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген.

     Туымен - Тұғырлы, Елтаңбасымен - Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!

Ахмет Байтұрсынұлы туралы

5 мин

Ахмет Байтұрсынұлы кім?

Ахмет Байтұрсынұлы қандай адам болған?

Ахмет Байтұрсынұлына қанша жыл болды?

Ахмет Байтұрсынұлының  қандай өлеңдерін біліміз?

Осы сұрақтарға жауап бере отырып, бейнероликтер көреміз

   

 5 мин

Динмухамед Конаев

 

912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.

Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақорыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.

1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары – Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.

Презентация  көрсету 

Алдынғы тақырыптар бойынша

6 мин

- Не үшін Конституция қажет?
- Не үшін оқу керек?
- Не үшін Отанды қорғау, құрметтеу керек?
- Балалар жылы не үшін жарияланды?
Әр топ постер құрап, қорғайды

  1. Ахмет Байтұрсынұлы
  2. Динмухамед Конаев
  3. Қазақстанның мемлекеттік рәміздері

 

Сабақтың мазмұнын бекіту  2  мин

 

 Қорыта келе, қазіргі кезде «Жастар-еліміздің жарқын болашағы» деген қанатты сөздерді жиі айтамыз, ал сол жастардың  болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры болса,  соған дәнекер өзіміздің бүгінгі қызметіміздің қалай атқарылып жатқаны, қоғамға қандай үлес қосып жүргенімізге тікелей байланысты.  Міне, «Білімге ұмтылу,еңбексүйгіштік және отаншылдық»» тақырыбындағы ой түйінді жалпы ел жастарына бағыттаймын! Жас күш, жас толқын болып толқып, ана тілінде сайрап, өзге тілді меңгеру арқылы болашақ елдің кемел келешегін биіктерден көруге үлес қосайық, саналы ұрпақ...!

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.

Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға баулиды, жігерлендіреді, шынықтырады. Ия, балалар, еңбек етсең, ерінбесең барлық мақсат – мұраттарға жетесіңдер. Алға жоспарлаған мақсатына қол жеткізген адам ғана өз елінің кез келген туындаған мәселесінің  шешімін таба алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 02.09.2022 12:57
Құрылған күні: 02.09.2022 12:57

Текст