1.Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу
2.Жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы
3.І тоқсан бойынша оқу үлгерімінің қорытындысы
4.Әртүрлі мәселелер.
Бірінші сұрақ бойынша ата-аналарға «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбына мәлімет берілді. Жасөпірімнің өмір ағымында кездесетін қолайсыз жағдайлардың, қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау туралы.
Екінші сұрақ бойынша «Жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы құқық бұзушылықтардың профилактикасы» туралы мәлімет берілді.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі І-тоқсанның қорытындысымен таныстырды.
Ата –аналар жиналысының қаулымы І-тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын. І-тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналарына үйдегі уақытта балаларының сабақтарын қадағалау жүктелсін, оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында ата – анамен сынып жетекшісі арасындағы қарым – қатынасты үздіксіз жалғастыру, сабақтарды себепсіз босатпауды қадағалау, оқу үлгерімдерін қадағалау. Оқушылардың санитарлық-гигиеналық талаптарды, мектеп ережесін сақтауды ата-аналар қадағалап, бақылауға алынсын. Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыру. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет. Жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жанұялық қарым-қатынастың психологиясы материалдарын қолдану, арнайы мамандарды шақыру, жыл сайын осындай тақырыпта ағарту жұмыстарын жүргізу.Сынып жетекшісі: Исетова Бакыт Кайратовна
https://www.instagram.com/p/CWXy9L-AmOd/?utm_source=ig_web_copy_link