Көкшетау қаласының "№7 орта мектеп" КММ математика пәннің мұғалімі Калиенова Жибек Кажиакпаровна "Помним подвиг солдата" атты челленджін қабылдап, Ұлы Отан Соғысының ардагері әкесі Идрисов Қажиақпар жайлы мәліметтерді жинады: "Менің әкем Идрисов Қажиақпар 1908 жылы Ақмола Облысы, Еңбекшілдер ауданы, Қоғам ауылында дүниеге келген. Ол 1941 жылы соғысқа аттанып, Берлинге дейін соғыс майданында ерен еңбегімен шайқасып, 1945 жылы жеңіспен оралды. 1967 жылы « КСРО – ның 50 жылдық орденімен және 1975 жылы Ұлы Отан Соғысының 30 жылдық медалімен марапатталды. 1976 жылы денсаулығына байланысты дүниеден озды." #менүйдемін #бізбіргеміз #үйдеқалыңыз #үйдебол #ҰлыЖеңіске75 #75летПобеды #Помнимподвигсолдата #9мая #ҰОС #stopcovid #kokshetau