Текст
04.02.2020
03.02-07.02.2020 аралығында өтетін ағылшын тілі апталығының жоспары.
04.02.2020
№ 7 орта мектепте химия пәнінен 7"Б", 7"А" сыныптар арасында олимпиада өтті.
04.02.2020
№7 орта мектебінде 5-7 қазақ, орыс сыныптар арасында қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиада өтті.
03.02.2020
03.02.-07.02.2020ж. Ағылшын тілі апталығының ашылуы өткізіледі.
03.02.2020
3 ақпан күні жоспар бойынша «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің аясында «Балаға жүрек жылуы» С.А.Назарбаеваға арналған тақырыптық сабақтар мен сынып сағаттарын өткізілді. Оқушылар тақырыпқа байланысты әртүрлі шығармашылық жұмыстар орындады: өз ойларын жазып, бөлісті, топтарға бөлініп, «Мейірімділік» кестесін толтырып, жағдаяттарды шешті, бейнефильмдер көрді, өлеңдер оқыды, ән айтты, мақал-мәтелдер айтып, мағынасын шешті.
03.02.2020
№ 7 орта мектебінде ақпанның 3-і «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты ашылуы болды. Жиында жоғары сынып оқушылары өзін-өзі тану пәніне арналған өлеңдер оқыды, Өзіңді – өзің тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» деген Сара Алпысқызы – болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін, ешкімге еліктемей өзіндік тұлғасын қалыптастырып, өз мүмкіндіктерін ашатын, дарындылығын дамытатын, қоршаған ортамен жарасымды өмір сүруге бейімделген тұлға қалыптастыратын «Өзін – өзі тану» білім жобасының авторы, «Бөбек» балалар қорының президенті туралы ақпаратпен таныстырды.
03.02.2020
Сынып сағаты өтті:"Қайырымдылық-жылы жүрекпен" 7 "А"сынып. Мұғалімі Жаканова С.К.
03.02.2020
"Мейірімді жүректер ашылады" атты сынып сағаты.5 "Б"сынып. Сынып жетекшісі Рахимжанова Б. Ш.
03.02.2020
3 "А" сыныпта "Мейірімге толы жүрек" атты сынып сағаты өтті. Мұғалімі Ажибаева С.А.
03.02.2020
"Қазақстан - мейірімділік мекені" атты республикалық акциясы аясында 5 "А" сыныбында "Мейірімділік -асыл қасиет" атты сынып сағаты өтті. Оқушылар 3 топқа бөлініп, "Мейірімділік"кестесін толтырып, әр түрлі жағдаяттарды шешіп, мейірімділік жайлы өз ойларымен бөлісті. Мұғалімі Зулкишева К.О.
Ұйымдар тізімі