Текст
06.02.2020
05.02.2020ж. № 7 мектебінің мәжіліс залында 2 "А" сынып оқушылары сынып жетекшісі Каженова Ж.К. жетекшілігімен "Шалқан" ертегісін сахналады. Балалар ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киіп, рөлдерін өте жақсы сомдады.
https://www.instagram.com/p/B8Mo3NqH5Sl/?igshid=s0gyeexwdxeb
05.02.2020
05.02.2020ж. 3"А" сыныбында Ағылшын тілі сабағынан ашық сабақ өткізілді.Тақырыбы: "Clil of music.My music". Мұғалімі Баймурзина Наргиз Ораловна
05.02.2020
05.02 7 "Ә" сыныбында өзін-өзі тану пәнінен "Отбасылық құндылықтар" тақырыбына Жусубалина М.М. ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты оқушыларға отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып, қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін дамыту, оқушыларды отбасы алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу. Балалар сабаққа белсенді қатысты. "Отбасылық құндылықтар" атты мультфильм көрсетіліді, Ж. Аязбекованың "Атасы мен әжесі" әңгімесі айтылды, дәйексөздің мағынасын талқылады, топтық жұмыс жасады, мақалдарды жинап, мағынасын түсіндірді, «Бақытты отбасы» тақырыбына кластер құрды, отбасылық салт-дәстүрлер мен мерекелер жайында постер қорғады, сөзжұмбақ шешті. Сабақ соңында балалар отбасылық құндылықтар туралы өз ойларын қорытындылады. Сабақ тартымды, мазмұнды өтті.
https://www.instagram.com/p/B8MojOtHr7f/?igshid=3e17pg9wrv8p
05.02.2020
№7 КММ орта буында орыс тілі пәнінен олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: балалардың шығармашылық бастамасын ояту және қолдау, пәнге деген қызығушылықты ояту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
04.02.2020
Мектеп кітапханасында "Өзін-өзін тану" рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның еңбек әрекеті, жұмыстары туралы материал жинақталған "Мейірім төгетін ана" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балалар Сара Алпысовна Назарбаева туралы кітаптарды қызығушылықпен оқыды және оның еңбектерімен танысты. Көрмені мектеп кітапханашысы Каптаева Н.А. дайындады.
https://www.instagram.com/p/B8MoFdKHga5/?igshid=1cuxwlse9mhj
04.02.2020
04.02 – 12.02.2020 жылы «Руханилықтың мөлдір бұлағы» шығармашылық жұмыстарының көрмесі: ана, мейірімділік, бейбітшілік, достық туралы суреттер, ашықхаттар оқушылардың назарына ұсынылды.
04.02.2020
03.02-07.02.2020 аралығында өтетін ағылшын тілі апталығының жоспары.
04.02.2020
№ 7 орта мектепте химия пәнінен 7"Б", 7"А" сыныптар арасында олимпиада өтті.
04.02.2020
№7 орта мектебінде 5-7 қазақ, орыс сыныптар арасында қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиада өтті.
03.02.2020
03.02.-07.02.2020ж. Ағылшын тілі апталығының ашылуы өткізіледі.
Ұйымдар тізімі