«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 7  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области».

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ бос орындарға ашық конкурс жариялайды:

                                                                                                                                                                                   21.08.2025г.         

 

       Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ

       бос орындарға  ашық конкурс жариялайды:

 

- мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының педагог-психологі (мектеп жанындағы шағын орталық мемлекеттік тілде)- 0,5 мөлшер;

- мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының дене шынықтыру (жүзу) жөніндегі нұсқаушысы (мектеп жанындағы шағын орталық мемлекеттік тілде)- 0,5 мөлшер;

- мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі (мектеп жанындағы шағын орталық мемлекеттік тілде)- 0,5 мөлшер;

- мектепалды даярлық тобының/сыныбының педагогі (орыс тілінде) (уақытша, негізгі педагог шыққанға дейін) – 18 сағат

- география пәнінің мұғалімі (мемлекеттік тілінде ) – 10 сағат;

- билогия пәнінің мұғалімі (мемлекеттік және орыс тілдерінде) - 17 сағат;

- физика  пәнінің мұғалімі ( орыс тілінде ) - 9 сағат;

- математика пәнінің мұғалімі   (мемлекеттік  тілінде) – 15 сағат;

- орыс тілі және әдебиет мұғалімі (орыс тілінде) -  8 часов;

 

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының педагог-психологі (психологі)

 

       Лауазымдық міндеттері:

      мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз етуге және қалыпқа келтіруге бағытталған қызметті жүзеге асырады;

      баланың дамуы мен мінез-құлқындағы проблемаларды анықтайды. психикалық, эмоционалдық-коммуникативтік және тұлғалық даму деңгейі мен ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жүргізеді, психологиялық қорытынды жасайды;

      мектепке дейінгі жастағы балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларды анықтайды, әртүрлі психологиялық (психопрофилактикалық, дамытушылық және консультациялық) көмек көрсетеді;

      қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және балаларға арналған, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар жеке дамыту бағдарламаларын, сондай-ақ оны педагог-ассистент іске асыру үшін балалардағы проблемалық мінез-құлықты жеңу жөніндегі бағдарламаларды жасайды, оларды жеке, кіші топтық және топтық дамыту сабақтары түрінде іске асырады;

      мектепке дейінгі жастағы шығармашылықпен дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал етеді;

      ата-аналарға, тәрбиешілерге және педагогтарға консультациялық көмек көрсетеді;

      белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмысқа қатысады;

      кәсіби құзыреттілікті арттырады, мектеп жасына дейінгі балалармен психологиялық жұмыстың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады;

      балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.

 

       Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының Білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      жалпы психология, педагогикалық психология және жалпы педагогика, тұлға психологиясы және дифференциалды психология, балалар және жас психологиясы, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматика;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      арнайы мектепке дейінгі педагогика, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және психопрофилактика негіздері;

      белсенді оқыту әдістері, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық тренингі;

      ата-аналарға арналған жеке және топтық кәсіби кеңес берудің заманауи әдістері, баланың дамуындағы бұзылыстарды диагностикалау және түзету;

      еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

 

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Психология" бағыты бойынша "Педагогика және психология" бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі немесе "Психология" бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлауды, медициналық білімін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.

 

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының дене шынықтыру (жүзу) жөніндегі нұсқаушысы

      Лауазымдық міндеттері:

      балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес дене шынықтыру (жүзу) бойынша ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады;

      дене тәрбиесі бойынша озық педагогикалық тәжірибені зерделеумен, жалпылаумен және таратумен айналысады, отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, авторлық әзірлемелерді зерттеу негізінде инновациялық технологияларды енгізеді;

      денсаулық сақтау және денсаулық сақтау технологияларын қолдану мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады;

      ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;

      дене шынықтыру-сауықтыру дамыту ортасын құруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірлесіп, сондай-ақ ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық жұмысты, бұқаралық іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады;

      ұйымдастырылған оқу қызметін, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды өткізу кезінде санитариялық-гигиеналық жағдайларды және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді;

      арнайы медициналық топтың балаларымен қосымша сабақтар өткізеді;

      оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша белгіленген есептіліктің құжаттамасын жүргізеді.

      Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      дефектология негіздері және тиісті әдістемелер (дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыс кезінде);

      педагогикалық этиканың нормалары;

      санитария және гигиена, психология және педагогика негіздері;

      еңбек заңнамасының негіздері, алғашқы медициналық көмек көрсету, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.

 

       Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;

      және (немесе) жоғары деңгейдегі біліктілік педагог-шебер үшін мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының музыкалық жетекшісі

 

       Лауазымдық міндеттері:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес балалардың музыкалық тәрбиесі мен эстетикалық дамуын жүзеге асырады;

      музыкалық сабақтарды, балалар мерекелерін және өзге де мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, музыкалық дарынды балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыс жүргізеді;

      балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындар өткізеді;

      педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады;

      балалармен жұмыс тәжірибесіне инновациялық педагогикалық тәжірибені енгізеді;

      ата-аналар мен тәрбиешілерге балалардың музыкалық тәрбиесі мәселелері бойынша кеңес береді.

 

       Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      балалар репертуарындағы музыкалық шығармалар, музыкалық тәрбие әдістемесі;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

 

       Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық немесе музыкалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін - 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін – 5 жыл және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-шебер үшін – 5 жыл.

 

Мектепалды даярлық тобының/сыныбының педагогі

      Лауазымдық міндеттері:

      білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес сабақ кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

      балалар қызметін басқарады (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзгесі);

      заттық-дамытушылық ортаны құрады;

      балалардың біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайды;

      бос уақытты, спорттық іс-шараларды және өзге де шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

      балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

      дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлайды;

      мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;

      балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;

      білім беру ұйымдарында өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;

      кәсіби құзыреттілікті арттырады;

      отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;

      мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.

 

      Білуге тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;

      психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар;

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар.

 

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі және (немесе) техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

      және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде жұмыс өтілі: педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін – кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 3 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл;

      және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.

 

      Конкурс "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы және "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту  министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығы негізінде өткізіледі

  Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды 118- тармағына сәйкес электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

      Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

     Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

      Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

   Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат білім беру ұйымының ресми сайтында хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынуы тиіс:

Пошталық мекенжайы: 020002, Көкшетау қаласы, Станционный кенті, Юбилейная көшесі, 19/1. Телефоны: 87162-44-00-01.  Электрондық пошта: school_7gk@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Текст