Мен Ж.Мусин атындағы
Көкшетау жоғары қазақ
педагогикалық колледжінің
дене тәрбиесі және спорт
бөлімінің 2 курс
студентімін.
Менің спорттық өмірім:
Мені 8 жасымда ағам каратэ үйірмесіне алып келді, содан бастап каратэға қызығушылығым арта түсті. Басқа балалардың жетістігіне таң қалып, спортқа деген құлшынысым артты. Басқалардан көбірек жаттығуға тырыстым. Менің ең алғашқы сайысым 8 жасымда болды. Сол сайыстың арқасында мен каратамен өмірімді байланыстырамын деп шештім.Менің бапкерім Канапин Ерболат Серікбаевич мені жақсы дайындағанның арқасында мен ең бірінші рет алтын жүлде иегері болдым.
Болашақта қара белдік иегері болуға және Қазақстан чемпионы болуға тырысамын деп уәде беремін.
https://www.instagram.com/p/CJEHayoMXOw/?utm_source=ig_web_copy_link