19.11.2020
№7 ОМ КММ бойынша туберкулездің алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілді: әңгімелер, диктанттар,суреттер конкурсы.
Әңгіме барысында аурудың аспектілері қозғалды-Туберкулез –бұл туберкулездің микобактериялары тудыратын жұқпалы ауру –МБТ( Кох таяқшасы) әр түрлі органдар мен жүйелерге әсер ететін ауа-тамшы инфекциясы.негізінен өкпе.
Туберкулез таяқшасы көбінесе адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы енеді.
Туберкулездің негізгі белгілері:
-2 апта бойы жөтел,
- тәбеттің жоғалуы,
-салмақ тастау,
- түнгі терлеу,жалпы әлсіздік, шаршау.
-температураның 37,0-37,5 дейін көтерілуі
- Кеуде қуысының ауыруы, кпровохарканье
Туберкулездің алдын алу шаралары:
- Салауатты өмір салтын ұстану: спортпен шұғылдану, толық тамақтану(етті жеткілікті жеу.сүт өнімдері.балық.дәнді дақылдар, көкөністер.жемістер) дене белсенділігі, жақсы демалу,темекі шегуден,алкогольден, есірткіден бас тарту.
- Уақтылы диагностика және емдеу.
- БЦЖ міндетті вакцинациясы.
- Жеке гигиена ережелерін сақтау.
- Үй-жайларды ылғалды жинау және желдету.
- Жеке гигиена құралдары мен ыдыстарды пайдалану.
Туберкулездің алдын алу шараларын мектеп медбикесі Ж. А. Бекпаева және сынып жетекшілері жүргізді. Кезекші сыныптарда 154 оқушы, қашықтықтан оқыту режимінде 126 оқушы қамтылды.
Ұйымдар тізімі