Мақсаты: Карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды хабардар ету. Ата-аналар жиналысында түрлі сұрақтар қаралды. Мысалға алсақ, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау, жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі, балалардың интернеттегі жұмысын ата-аналардың бақылауы ережелерімен таныстыру. Оқушылардың оқу күнін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылды. Бастауыш сынып оқушыларының күндізгі форматтағы оқыту санитарлық талаптардың қатаң шараларын сақтай отырып, штаттық режимде оқыту талаптары, әлеуметтік қашықтықты сақтау т.б яғни барлық ереже түрлерімен таныстырды. Ата-аналар мен оқушылардың жауапкершілігі жайлы айтылды. Сынып жетекшісі: Молдабаева Жайнагүл Жумабайқызы.
https://www.instagram.com/p/CEHpo4eJrrr/?utm_source=ig_web_copy_link