«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 7  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области».

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

04.02.2017

2017 жылдың 10

қаңтарынан 10 ақпанға дейін № 7 ОМ КММ бойынша

«Қамқорлық»

акциясының қорытындысы

 

          2017 жылдың 10 қаңтарынан 10 ақпан кезеңінде облыс аумағында жыл сайын өтетін «Қамқорлық»

республикалық акциясы өтеді.

            Акция мақсаты – жағдайы төмен, көпбалалы және сәтсіз отбасылардың балаларына, жетім

балаларға, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және басқа да әлеуметтік көмек

алуға құқығы бар  категорияның балаларына

әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтамасыз етілмеген мектеп жасындағы

балаларды анықтау және есепке алу, әлеуметтік салдармен мектепке келмеу

себептерді болдырмау (киім, аяқ-киім, оқу құралдарының болмауы).

           Акцияның басымды міндеттері мектеп жасындағы балалардың оқу үдерісін үзу  немесе сабаққа ұзақ уақыт келмеуді тудырған

себептерді анықтау, сабақты себепсіз босатудың алдын алу, материалдық жағдайы

төмен отбасында тұратын балалардың өмір сапасын жақсартуға ықпал ететін

шараларды қолдану, жағдайы төмен және сәтсіз отбасыларға материалдық көмек

көрсетуге бағытталған қайырымдылық әрекетті жүзеге асыруға қоғамды шақыру.

           Акция аясында № 7 орта мектебінде өткізілді: -        Көкшетау қаласының

ОЮП – ІІБ қызметкері Мусин А.Ж. бірге әлеуметтік педагог, сынып жетекшілері,

шағын учаскілеріне жауапты мұғалімдермен бірге қорғансыз және қамқорсыз қалған

балаларды анықтау мақсатымен 2 рейд;

-        

Себепсіз мектепке

келмейтін мектеп жасындағы балаларды анықтау үшін мектеп шағын учаскілерін

аралап шығу;

-        

Әлеуметтік әлсіз

категориядағы балаларға материалдық көмек көрсету бойынша іс-шаралар.

Жыл сайын  акцияға

мемлекеттік органдардың өкілдері, меценаттар белсенді қатысады. Демеушілердің

бірі қалалық маслихаттың депутаты Аузаров Арген Ануарбекович Станционный

кентінің көпбалалы отбасын көмірмен қамтамасыз етті. Педагогикалық  ұжым мүшелері акцияға жұмыла ат салысты.

Жағдайы төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға, мүгедек балаларға оқу

құралдарын алып берді. «Көкшетауға жақысылық жаса» волонтерлік тобының ұйымдастырушысы

басқа да волонтерлермен бірге жағдайы төмен отбасылардың балаларына азық-түлік

түрінде көмек көрсетті. Олардың басты мақсаты жетім балалардың, мүгедек

балалардың, ата-ананың қамқорынсыз қалған және материалдық жағдайы төмен

отбасыларда тұратын балалардың өмір сапасын жақсартуға көмектесу және қоғамды

қайырымды істер жасауға шақыру.

          Акцияға қатысқан барлығына шын жүректен алғыс білдіргіміз келеді, қайырымдылық деген

игілікті іс қой. Барлығы 67 000 теңгеге бюджеттен тыс матералдық көмек

көрсетілді. Сіздер жасаған жақсы, қайырымды істеріңіз сіздерге мың есе қайтып

келетіні есеріңізде болсын!

 

 

Орын. әлеуметтік педагог:А.Ж.Абилькасимова

Просмотров: 545


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст