26.05.2020
Биылғы ұстаз ұлағатын, кәсіби шеберлігін дәріптей түсетін ерекше оқу жылы да аяқталды. Әр жаңалықтың бастамасы қол жетпейтін қиын болғанымен, тәжірибе барысында өз кәсіби шеберліктеріміздің арқасында туындаған мәселелерді оңтайлы шеше біліп , қашықтықтан білім беруде де жоғары деңгейде жұмыс атқара білдік. Құрметті оқушылар, жазғы демалыстарыңызды жақсы өткізіп, жақсы демалып, күш жинап, 1 қыркүйек Білім күнінде ұстаздарыңызбен өзіміздің білім шаңырағы, мектебімізде кездесуге тілектеспіз. Ұстаздар қауымы атынан, мектеп бітіруші 11-сынып түлектеріне үлкен өмір жолында тек ақ жол , сәттілік тілейміз! ҰБТ-ді жоғары деңгейде тапсырып, жоғары оқу орнына түсіп, жүректерің қалаған мамандықтарыңның білікті шебері болып қалануларыңа тілектеспіз!
https://www.instagram.com/p/CAnKGBTH-AI/?utm_source=ig_web_copy_link
Ұйымдар тізімі