Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №15 "Ақмола облысының аумағында карантин режимін енгізу туралы" қаулысына сәйкес кәмелетке толмағандардың ересектерінсіз қозғалуына тыйым салынды. Есіңізде болсын! Осы фактілер анықталған жағдайда ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексімен Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №15 "Ақмола облысының аумағында карантин режимін енгізу туралы"қаулысымен көзделген талаптарды бұзғаны немесе орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Құрметті ата-аналар! Халықтың денсаулығын сақтау мақсатында Сізден бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарын және жеке гигиена ережелерін сақтауды сұраймыз. Ақмола облысының полиция департаменті.
https://www.instagram.com/p/B-cdG5Upqz5/?utm_source=ig_web_copy_link