«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 7  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области».

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының әкімі барлық аудан орталықтарындағы жолдарды үш жыл бойы жөндеуден өткізуді тапсырды.

13.02.2020

​Ақмола облысының әкімі @ermek_marzhyqpaev халықпен есептік кездесуінде жол инфрақұрылымының дамуы туралы хабарлады.
​Өңірде көлік коммуникацияларын тиісті жағдайда ұстау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.
​Бұл міндеттерді шешуге жергілікті биліктің назары бағытталған.
Өткен жылы облыста жол-көлік жүйесін жақсарту бойынша біршама жұмыстар атқарылды. 400 км астам жергілікті маңызы бар жолдар мен көше-көлік желілері жаңартылды, оның ішінде 190 км ауылдық жерлерде.
​Өңір басшысының айтуынша, осы бағыт бойынша нақты міндеттер белгіленген. Облыстық маңызы бар 440 км жолды жөндеу және қайта жаңарту жоспарлануда.
Биылғы жылы Көкшетауға баратын жолды қайта жаңарту аяқталады және Астанаға оңтүстік-батыс айналма жолдың құрылысы жалғасады.
"Үш жыл ішінде барлық аудан орталықтарындағы жолдарды жөндеуді жоспарлап отырмыз. Биыл 6 аудан орталығы жөндеуден өтеді. Кентішілік жолдарды жөндеу облыстың барлық өңірлеріне әсер етеді", - деп атап өтті Ермек Маржықпаев.
Биылғы жылы Красный Яр ауылының дамуына көңіл бөлінді. "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы аясында 30 км-ден астам көше жолдары, оның ішінде 25 көше және "Нұрлы көш"тұрғын үй алабының жолдары жөнделеді.
Облыста облыс орталығын Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл-Қопа көлінің жағасындағы жол құрылысы және көпір құрылысы, Назарбаев көшесі – Жүнісов көшесі мен Назарбаев көшесі – Абай көшесі қиылысындағы жолды қайта жаңарту, "Васильковский" шағынауданы мен "Центральный" шағынауданы арасындағы жолды орташа жөндеу.
Жалпы, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 5 626 км құрайды, оның ішінде облыстық маңызы бар – 2 661 км, аудандық маңызы бар-2 965 км.

https://www.instagram.com/p/B8eIgCjnz-c/?utm_source=ig_web_copy_link

Просмотров: 418


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст