Бүгін Ақмола облысының әкімі @ermek_marzhyqpaev халық алдында есеп беру кездесуін өткізді.
"САРЫ-Арқа" магистральды газ құбыры құрылысының I кезеңі шеңберінде "Қызылорда - Нұр-сұлтан" бағыты бойынша Аршалы және Целиноград аудандарының 20 елді мекенінде газ тарату желілерінің құрылысы басталды, онда 50 мың адам көгілдір отынға қол жеткізе алады.
"Бүгінгі таңда 9 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды және 4 жоба бойынша сараптама ақпан айының бірінші онкүндігінде алынады", - деп атап өтті Е. Маржықпаев.
Облыс тұрғындарын толғандыратын маңызды мәселелердің қатарында-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуі.
Ол үшін облыс аудандарында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Макинск қаласында жылу желілері бар модульдік қазандықтың және екі блокты-модульдік қазандықтың құрылысы жүріп жатыр. Нысандарды ағымдағы жылы іске қосу жоспарлануда. Жаңа жылу көзіне қаланың 16 көппәтерлі үйі қосылады. "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы аясында Астраханка ауылында 200-ден астам тұтынушыға қызмет көрсететін жылу желілері бар қазандықтың 1-ші кезегінің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, тұтынушыларды қамтуды арттыру мақсатында жобаның 2-кезегін әзірлеу жүріп жатыр.
Биылғы жылы Көкшетау маңында орналасқан Красный Яр ауылында сыртқы жылу желілерінің құрылысы басталды,оның аяқталуы бойынша жаңа қазандыққа шамамен 40 көп қабатты және бірнеше жеке үйлер қосылады.
"Аршалы кентіндегі 8 көпқабатты үйді, балабақша мен мектепті жылумен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Жөндеу жұмыстарына 1000-нан астам абонент қосылды. Биылғы жылы Ақкөл қаласында орталық жылу жүйесіне 90 пәтерлік 5 үй қосылады", - деді облыс әкімі.
https://www.instagram.com/p/B8eI8KwJGLi/?utm_source=ig_web_copy_link