Ермек Маржықпаев: басымдыққа-жастарды қолдау.
Елбасы – жастар жылы деп атап өткен 2019 жыл ақмолалықтар үшін олардың өзін-өзі жүзеге асыруының, шығармашылық және еңбек дағдыларын, кәсіпкерлікті және өзге де қызмет түрлерін дамытудың өзіндік бір нүктесі болды.
Облыс үшін жастар-бұл жергілікті биліктің күш-жігерін дамытуға бағытталған ресурс.
Ерекше назар әлеуметтік қорғалмаған санаттағы жастардың білім алуына бағытталған.
"Жас азаматтар үшін ең бастысы-білім алу және лайықты жұмыс табу. Біз жастарға көмектесуге тырысамыз. Биылғы оқу жылында облыс әкімдігі педагогикалық және медициналық мамандықтарға 150 грант бөлді, 260 адам атаулы шәкіртақының иегері атанды", - деді аймақ басшысы @ermek_marzhyqpaev
"Еңбек" бағдарламасының арқасында 6 мыңнан астам жастар жұмысқа орналасты. "Жас кәсіпкер" жобасын іске асыру нәтижесінде 452 жас ақмолалықтар өндірістік, түрлі білім беру, спорттық және бос уақытты өткізу стартап-жобаларын іске асыруға гранттар алды.
Өткен жылы "Zhasproject" бірегей жобасына үш кезеңді іріктеу өтті.
Өңір басшысының айтуынша, жас ұрпақты қолдау барлық салада да жалғасын табады.
Волонтер жылы волотериялық қозғалысқа жаңа серпін береді. "Қамқорлық" республикалық акциясы барысында аз қамтылған отбасынан шыққан 7 мыңнан астам оқушыға көмек көрсетілді. "Мұндай адамдардың бастамалары халықты волонтерлік қозғалысқа белсенді тарта отырып, қоғамның азаматтық ұстанымын арттыруға ықпал ететініне сенімдімін", - деп түйіндеді Ермек Маржықпаев.
https://www.instagram.com/p/B8eJfrepjt_/?utm_source=ig_web_copy_link