«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 7  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области».

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!"

31.05.2023

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны

 

      Ақмола облысының білім басқармасы ағымдағы жылы 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өтетіндігін хабарлайды.

   Науқанды өткізудің негізгі мақсаты -  қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

  Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен БАҚ-тың бала еңбегін пайдалануды алдын алу және болдырмау мәселелерінде серіктестік пен ынтымақтастықты дамытуға себеп болады.

Бала еңбегінің нашар түрлеріне тартылған  жағдайда, балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетуді алдын алу үшін Ақмола облысы білім басқармасының – 8 (716 2) 903152 сенім телефонына, 87162-72-29-03 call-орталығына және «BALA QORGAU» Телеграмм-чатына хабарласуға болады.

 

Просмотров: 246


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст