Сабақта оқушылар белсенді қатынасты. Барлық берілген тапсырмаларды толық орындады.
Сабақты жоспарлау барысында қабілеті жоғары оқушылaрға шығармашылық қaбілетін aрттыру мақсатында бірінші тапсырмада «Ой шарлау» әдісі тақырыптың идеясын ашуға ықпал ету және кейбір оқушылардың сөздік қоры аз, тақырыпты тез қабылдай алмайтын балаларға өзара бір-біріне көмек көрсету, топта жұмыс істей алу қажеттілігі арттыру үшін топтық жұмыс ұйымдастырылды.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған тапсырманы «Т кестесі» әдісі арқылы жүзеге асырылды. Бұл жұптық жұмыс болды. Ойлау қабілеті жоғары оқушылар бір-біріне көмектесіп, жақсы ықпал ету мақсатында жұптық жұмыс ұйымдастырылды.
Сонымен қатар сыныпта кейбір оқушылар әр түрлі дерек көздерді қолданды. Қосымша материалдар іздейтін балалар, алған білімін салыстырып, өз көзқарасын дәлелдей алатын оқушылар үшін «Қазына іздеу» әдісі арқылы жеке жұмыс ұйымдастырылды. Бұл жұмыста оқушыларға жасырынған 3 сұрақ берілді. Сол сұрақтың біреуін таңдап жауап жазды.
Осы сабақ барысында оқушыларды ұлтжандылыққа, елжандылыққа, туған жерді дәріптеп, ғылым мен білімге құштар болуға тәрбиелеу мақсат етілді.