«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 7  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области».

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын! Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. 1 қыркүйек күні – бірінші сынып оқушылары үшін – үлкен өмірге аяқ басқан күн, өзінің жеке болашағына қосқан алғашқы үлесі. Біз олармен бірге жаңа өмір жолына аяқ басамыз. Сондықтан да алдымен осы бүлдіршіндерді құттықтағым келеді. Білім жолындағы Сіздердің алғашқы қадамдарыңыз болашақта білім алуларыңыз бен дамуларыңызға негіз бола алсын. Білім жадыны емес, ойды жүзеге асырғанда ғана білім бола алады, сондықтан да сіздерге күш-жігер, шабыт және табандылық тілеймін. Мектеп жолы Сіздер үшін жеңіл болсын және жетістік пен тек қана жеміс әкелсін. Бірінші қыркүйек күні өмірлерін білім саласына арнаған барша ұстаздар қауымына ерекше көңіл аударылатын күн. Ұстаздық – Алланың берген кәсібі, басқа кәсіптер – мұғалімнен алынады. Оқушылардың жаңа буынын оқыту мен тәрбиелеуде олар қаншама тер төгеді, еңбектенеді, оларды өз елінің лайықты азаматы етіп тәрбиелейді, мақтанышы болуға дайындайды. Сол себептен, Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін, қымбатты ұстаздар. Қымбатты ата-аналар, Сіздерді тағы да шын жүректен 1 қыркүйек күнімен құттықтаймын! Бүгін Сіздердің балғын балаларыңыз білім ордасына алғаш аяқ аттап басса, күні ертең-ақ олар өз еңбектерінің арқасында отбастарының мәртебесін арттырады, мемлекеттің жаңаруына, оның құдіретін күшейтуге өз білімдері мен күш-қайраттарын аянбай жұмсайтын болады. «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директоры: Аманкелди Тилеген

Просмотров: 316


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст