18.05.2026
https://www.instagram.com/reel/DYZbtTfAKzc/?igsh=dHg2bDFjNDVkYjV1
🏫 №7 жалпы білім беретін мектебінде
«Барлығы отбасынан басталады» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста отбасылық құндылықтар мен балаларға адамгершілік тәрбие берудің маңыздылығы талқыланды.
📚 Жиналыс барысында маңызды мәселелер қарастырылды:
— заманауи отбасылық құндылықтар: біз балаларды тәрбиелеп жатырмыз ба, әлде олар бізден үлгі ала ма;
— баланың болашақ мамандығын таңдауда ата-ананың рөлі, сұранысқа ие бағыттар және цифрлық дағдыларды дамыту;
— ҰБТ-2026-ға дайындық, өзгерістер мен талаптар, ББЖМ өткізу, сондай-ақ балаларды 1-сыныпқа қабылдау;
— мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс ұйымдастыруға құжаттарды қабылдау және жолдама беру, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылық және материалдық көмек көрсету мемлекеттік қызметтері бойынша түсіндіру жұмыстары;
— емтиханға дайындық кезеңінде жасөспірімдерге қолдау көрсету және отбасының кәсіби бағдар берудегі көмегі;
— жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, өзендер мен су айдындарында сақтық шараларын сақтау.
👨🏫 Жиналысқа мектеп әкімшілігі, педагогтер, психологтер және сынып жетекшілері қатысты.
Отбасы мен мектеп — баланы тәрбиелеу мен дамытудағы біртұтас команда. Белсенді қатысқандары, қолдаулары және ынтымақтастықтары үшін ата-аналарға алғыс білдіреміз! 🤝✨
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары:
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету.
📅 Құжаттарды қабылдау уақыты:
Дүйсенбі–жұма
🕘 09:00 – 18:00
📄 ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1. Өтініш берушінің жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірмесі);
2. Мәртебесін растайтын құжаттар:
– ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
– некені бұзу туралы куәлік (алименттің төленуі немесе төленбеуі туралы барлық растайтын құжаттар);
– жалғызбасты ата-ана мәртебесін растайтын анықтама (Ф-4);
3. eGov порталы арқылы алынған АӘК алу туралы анықтама;
Ескерту: АӘК алушылар тек осы анықтаманы, жеке куәлік көшірмесін және арнайы шот реквизиттерін ұсынады;
4. Ата-аналардың (заңды өкілдердің) табысы туралы анықтамалар:
– жұмыс істеген жағдайда – соңғы 6 айдағы жалақы туралы анықтама;
– жұмыссыз болған жағдайда – соңғы 6 айдағы зейнетақы аударымдары туралы БЖЗҚ анықтамасы;
5. Шот реквизиттері:
– 20 таңбалы шот

Ұйымдар тізімі