«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 7  города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области».

СоцСети

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19.05.2018

Тақырыбы: «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін

тарихын білуге тәрбиелеу.

Оқушыларға

патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре

алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер,

Барысы:

1. Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық.

Аспаны ашық еліміздің,

Көркі сұлу жеріміздің,

Біз - бақытты баламыз!

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз!

Оқушыларды

топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты

таңдаса, сол топқа кіреді.

1 топ Отаншыл

2 топ Намысшыл

3 топ Білімді

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Сынып

сағатымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын  “Біз “Ұлы Дала

елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал

кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің

ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен

қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.

Еліміздің

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»мақаласының көтерген жүгі ауыр.Елбасының

мақаласында айрықша атап көрсетілгендей,барлығы ел жастарына арналған.

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ

басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30

елдің қатарына қосылу.

Мақсатқа жету үшін біздің

санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

 І. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ

ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ

Күллі жер жүзі біздің көз

алдымызда өзгеруде. халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы

үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып,

әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын.

1.

Бәсекелік қабілет

Қазіргі таңда жеке адам ғана

емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге

мүмкіндік алады.

2.

Прагматизм

 Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып,

қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта

түлетуіміз керек.

Прагматизм – өзіңнің ұлттық

және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес

болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен

кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

3.

Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның

өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз

бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз

бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

 4. Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі

ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.

Табысты болудың ең іргелі,

басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек.  Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен

биік қоятын ұлт қана табысқа жетед

5.

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Бұл кезеңде елімізде белгілі

бір жаңғыру болды.

6.

Сананың ашықтығы

Мағынаны

таңдау.

1.Үш топқа

қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу

керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.

Мысалы: отаншыл

болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.

2.Постер қорғау

«Патриот деген ол ….»

Әскери міндетке

жауапкершілікпен қарау;

Туған жерге

деген ыстық сезім;

Ата- баба

өсиетіне адал болу;

Өз Отанын

күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;

Бойындағы күш-

қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;

Ана тіліне

деген құрмет;

Өз халқының

әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;

Елдің тарихын

құрметтеу;

Қазақстанда

мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;

Өз халқының

әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;

Мемлекеттік

рәміздерге құрметпен қарау;

Заңға бағыну;

Үкіметті

сыйлау;

3.Сұрақ-жауап

ойыны.

Сұрақтары.

ҚР елтаңбасында

не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

Қазақстан өз

тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

«Отан қорғау» дегенді

қалай түсінесің?

Әнұранның

авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

ҚР тұңғыш

президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

ҚР неше облыс

бар? – (14 облыс)

Тұңғыш қазақ

ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

Конституция

күні? – (30 тамыз)

4.“ Туған

жеріңе не бересің? ”ойыны

Өз ойымен бөлісу.

 

Қорытынды. Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол

асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған

тек жүрек пен білім , талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін

үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы

Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ

елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.

“Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай

атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.


 

 

Просмотров: 569


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст