Текст
09.11.2021
6 "А" сыныбында "Отан-отбасынан басталады "атты сынып сағаты өтті.Сынып сағатының мақсаты: 1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау; 2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру; 3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу . Сынып жетекшісі:Жакимова Самал Олжабаевна
https://www.instagram.com/p/CWDHJmPs-OV/?utm_source=ig_web_copy_link
09.11.2021
08.11.2021 ж. 11А сыныбында "Мамандықты таңдау- өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау" Мақсаты: Оқушылардың өмір туралы,мамандықтар туралы көзқарастарын дамыту, алда мамандық таңдауда дұрыс бағдар беру. Сынып жетекшісі: Каримова Сандугаш Жаубасаровна
https://www.instagram.com/p/CWDF9HFM1wu/?utm_source=ig_web_copy_link
03.11.2021
3 «А» сынып оқушылары күзгі демалыстағы жоспар бойынша Жолдағы, темір жолдағы, көшедегі қауіпсіздік туралы мультфильм тамашалады. Мақсаты: Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Жусубалина Марал Мукылаевна
https://www.instagram.com/p/CVxMuCLMzoW/?utm_source=ig_web_copy_link
03.11.2021
Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің басты байлығы. Әртүрлі халықтар тәуелсіздікке әртүрлі жолдармен ұмтылады. Қазақстан үшін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы халықтың егемендікке, өзін-өзі билеуге ұмтылуының бастауы болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектеп кітапханасында «Туған жер туралы сүйіспеншілікпен» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, сонымен қатар кітапханашы тәуелсіздік стратегиясы бойынша кітаптар бойынша әдебиеттерге шолу жасады. Кітапхана меңгерушісі: Қасенова Бағдат Айтбайқызы.
https://www.instagram.com/p/CVxVDcgMx2T/?utm_source=ig_web_copy_link
03.11.2021
2 А"сынып оқушылары күзгі демалыс жоспар бойынша жолдағы қауіпсіздік туралы мультфильм көрді.Мақсаты:балалардың үйде,көшеде,табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту,өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға,қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу,ойлау,есте сақтау дағдыларын дамыту.Сынып жетекшісі: Актаева Лейли Кайрхановна.
https://www.instagram.com/p/CVxVoFFMFA4/?utm_source=ig_web_copy_link
03.11.2021
Күзгі іс-шаралар жоспары бойынша 1-11 сыныптар арасында қолөнер көрмесі – Күз сыйлықтары өткізілді.
https://www.instagram.com/p/CVxUk1gMGMI/?utm_source=ig_web_copy_link
03.11.2021
Күзгі демалысқа арналған іс-шаралар жоспары бойынша 9 «Б» сыныбында «Құқықтық тәрбиенің АБС» атты бейне-дәріс өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Сынып жетекшісі: Әміржанова Күнсұлу Қадырқызы
https://www.instagram.com/p/CVxJw_AM6sq/?utm_source=ig_web_copy_link
03.11.2021
3 «Б» сыныбынан ұстаздар күніне арналған суреттер. Сынып жетекшісі: Учкина Янина Михайловна.
https://www.instagram.com/p/CVzrf9bDUHh/?utm_source=ig_web_copy_link
03.11.2021
8 «А» сынып оқушыларымен күзгі демалыстағы жоспар бойынша «Жеке өмірге жолдама» "атты тақырыпта мектеп медбикесі Жамал Ануарбековна тренинг өткізді .Мақсаты: қыз баланы ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін — өзі ұстауға, қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Нуралина Бакытгуль Кулановна
https://www.instagram.com/p/CVzsH-6MBSX/?utm_source=ig_web_copy_link
03.11.2021
9 «А» және «Ә» сынып оқушыларымен күзгі демалыстағы жоспар бойынша «Жеке өмірге жолдама» "атты тақырыпта тренинг өтті .Мақсаты: қыз баланы ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін — өзі ұстауға, қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу. Тренингқа мектеп медбикесі Жамал Ануарбековна шақырылды.Жауапты: Жаканова Сауле Казикаримовна, Исетова Бакыт Кайратовна
https://www.instagram.com/p/CVzv-oUMYjP/?utm_source=ig_web_copy_link
Ұйымдар тізімі