Текст
23.05.2022
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 7 орта мектебі» КММ 8 «Б» сыныбында «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың жазғы демалыс кезінде өзін-өзі ұстау ережелері бойынша алған білімдерін қорытындылау.
Тапсырмалар:
1. Балаларды салауатты өмір салтының қажеттілігіне сендіру.
2. Балалардың қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін кеңейту.
3. Зейінін, ойлауын, сөйлеуін дамыту.
4. Өз денсаулығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Өткізу формасы: тақырыптық сынып сағаты, этикалық...
19.05.2022
Кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіз мінез-құлық нұсқаулығы. Педагог-психолог: Итенова Ж.А., әлеуметтік педагог Алиева И.С.
https://www.instagram.com/p/CdvB2mVA7lM/?utm_source=ig_web_copy_link
19.05.2022
Жоспар бойынша өткізген іс -шара.Тақырыбы: Спорт денсаулық кепілі. Бастауыш сыныптарда көңілді жарыстар өтті. Жауапты: Абильгазин А.М. #kokshetau #kazakhstan
https://www.instagram.com/p/Cdu_MNOg0NQ/?utm_source=ig_web_copy_link
19.05.2022
Жоспар бойынша өткізген іс -шара. Тақырыбы: Нашақорлыққа жол жоқ. Аға Тәлімгер: Матюшева Гулжанар Кенжеболатовна, "Жұлдыз" БҰ және оның лидерлері.
https://www.instagram.com/tv/Cdu_R4tjcQ0/?utm_source=ig_web_copy_link
19.05.2022
Анонс Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр. https://m.egov.kz/survey/ Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.
17.05.2022
4"А" сыныбында "Отбасы-бақыт мекенім" атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін оқушыларға тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Шериязданова К.Ж.
https://www.instagram.com/p/CdpQGcjDJP5/?utm_source=ig_web_copy_link
17.05.2022
6 "А" сыныбында " Халық достығы-тіл достығы" атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату,оқушыларды әсемдікке, әдемілікке, қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу, сөздік қорын молайту, жүйелі сөйлеуге дағдыландыру. Сынып жетекшісі: Жакимова С.О.
https://www.instagram.com/p/CdphkfhgkFg/?utm_source=ig_web_copy_link
17.05.2022
9 «Ә» сыныбында «Отбасы - бақыт мекені» атты сынып сағат өтті. Мақсаты: оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.қушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу. Нәтиже: 1. Отбасы мүшелерін құрметтеу , сыйлау білу керек. 2. Отбасында әдепті, сыйлы болу керек. 3. Берілген тапсырмаларды орындай білу керек. Сынып жетекшісі: Исетова Б.К.
https://www.instagram.com/p/CdphYFMgjMC/?utm_source=ig_web_copy_link
17.05.2022
Халықаралық Отбасы күніне орай іс-шаралар жоспарына сәйкес үлгілі отбасылар туралы бейнебаян.Отан әрбір шаңырақтан басталады. Шаңырақ шаттығын ойлаған жан отбасындағы жарын, балаларын сүйеді. Осы сүйіспеншілік айналасындағы адамдарды, туған-туыстарын жақсы көруге, бауыр тартуға ұласады. Мұның арғы жағында Отан деген үлкен ұғым шығады. Осы үлкен шаңырақтың уығын мерейлі отбасылар ұстап тұрады. Осындай үлгілі отбасылардың бірі 3 «А» сынып оқушысы Халит Перизаттың жанұясы. Сынып жетекшісі: Жусубалина М.М.
https://www.instagram.com/tv/Cdphy2Yjron/?utm_source=ig_web_copy_link
17.05.2022
2 «Б» сыныбында «Дені сау болсын десең» тақырыбында сынып сағаты өтті.Сынып сағатының мақсаты мен міндеттері: өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, білімдерін кеңейту және гигиена дағдылары. Сынып жетекшісі: Какимова А.Х.
https://www.instagram.com/p/CdpiEA6g5Vj/?utm_source=ig_web_copy_link
Ұйымдар тізімі