Көкшетау қ. "№7 орта мектеп" КММ 2 "Б" сыныбында бүгін "мен қашықтықтан қалай үйренемін", "коронавирустық инфекциядан өзіңді қалай қорғау керек"тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Бұл іс-шара сынып жетекшісінің балалармен онлайн қарым-қатынас форматында өткізілді.
. Бұл сабақта мұғалім балаларды қашықтықтан оқыту кезіндегі оқу үрдісінің режимімен таныстырды, оқушының жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, үстел алдында көрнекі жерде сабақ кестесін болу қажеттілігі туралы ақпарат берді, вирустық инфекция кезінде сақтық шараларын тағы да қайталады. Масканы дұрыс киюге үйренді. 2 "Б" сынып жетекшісі: Кенжібаева Салтанат Есенгелдіқызыhttps://www.instagram.com/p/B-g0WtuJ8iU/?utm_source=ig_web_copy_link