«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласындағы білім бөлімінің Көкшетау қаласының No7 жалпы білім беретін мектебі» КММ 5 «В» сыныбында өзін-өзі тану онкүндігі аясында «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» «Махаббат үшін өмір» тақырыбында әңгіме өткізілді. Оның мәні - Махаббат. Қасиеттер: шынайылық, қуаныш, қоғамға аянбай қызмет ету. Әңгіме мейірімділік пен жылулық ұялаған, жүрегі басқаларға деген сүйіспеншілікке толы адамға, Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналады. Өткізген: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Абилкасимова Ажар Жабаговна.