Мектеп оқушылары Қайрат Ералы, Қайрат Нұралы, Амантай Назерке дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, жаттықтырушы Абильгазин Азамат Мекебаевичтің жетекшілігімен жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, 5–6 сынып оқушылары арасында үстел теннисінен өткен облыстық жарыста II орынға ие болды. Бұл жоғары нәтижеге жаттықтырушының кәсіби шеберлігі мен тәлімгерлік еңбегінің, сондай-ақ оқушылардың табандылығы, еңбекқорлығы және жеңіске деген ұмтылысының арқасында қол жеткізілді. Жеңімпаз оқушылар мен олардың жаттықтырушысын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, республикалық деңгейде жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектеспіз!