24 қыркүйек күні 9-сынып оқушылары Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің «Ашық есік күні» кәсіптік бағдар беру іс-шарасына барды. Мақсаты: мектеп оқушыларын колледждің өмірі, материалдық-техникалық базасы туралы толық ақпарат беру, оқушылардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру, азаматтық қорғаныс саласының маңыздылығын түсіндіру және оқушылардың қызығушылығын арттыру болды. Кәсіптік бағдар беруші-педагог: Токтамысова А.Е.