20.12.2020 жылы Көкшетау қаласының "№7 орта мектеп" КММ 4 "А" сыныбында "Қазақтың ұлттық ойындары" атты сынып сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: Ұлттық ойынды насихаттай отырып, нағыз қазақ баласының бойындағы қасиеттерін сынып оқушыларының бойына сіңіру. Әртүрлі жағдайлардан шыға білу, тапқырлық, ептілік, мергенділік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. Ұлттық ойындарды ойната отырып, ата-салтын ардақтауға, сауаттылыққа тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Мұрат Бақытжан.