11.12.2020 ж. Көкшетау қаласының "№7 орта мектеп" КММ 2 "А" сыныбында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Менің Тәуелсіз Қазақстаным" атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру. Қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Жусубалина Марал Мукылаевна.